00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Астанада 1000-нан астам тәрбиешінің мамандықтары сәйкес келмейді

01.04.2023 | 00:15
Сабина Кәкімжан
29

Астанада 1 053 тәрбиешінің мамандықтары сәйкес келмейді. Олар қайта даярлау курстарынан өтті. Бұл туралы бүгін Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында  «Елордадағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметі» тақырыбында өткен брифингте Білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Әділбаев айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Қазіргі кезде елордада 64 465 баланы қамтитын 457 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс істейді.

Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда 32 903 бала (51%) және жекеменшік ұйымдарда 31 562 бала (49%) тәрбиеленеді. Қазіргі кезде «INDIGO: электрондық балабақша» электрондық порталында кезекте 52 588 бала тіркелген. Ұсынылған деректерге сәйкес, 2 жастан 6 жасқа дейінгі мектеп жасына дейінгі балалар - 18 093 құрайды, - деді Серік Әділбаев.

Ал биыл қосымша 9 700 орын ашу жоспарланып отыр.

Astana Invest сүйемелдеуімен 2023 жылы 660 мектепке дейінгі орын құрумен 3 жобаны пайдалануға беру жоспарланған. Осы жылдың қаңтар айында 8 000 орындық жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс өткізілді. Конкурс нәтижелері бойынша мемлекеттік тапсырыс 5 728 орынға орналастырылды (134 жекеменшік балабақшада, оның ішінде жаңа 61). Қалған 2 272 орынға 13 ақпаннан бастап жаңа конкурс жарияланды, құжаттар 6 наурызда қабылданып, конкурс өтті, - деді С.Әділбаев.

Бүгінгі таңда білім беру ұйымдарында 21 159 педагог жұмыс істейді.  Оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарда – 4 291, оның ішінде мемлекеттік ұйымдарда – 2 719.

2022 жылы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 576 тәрбиеші, 25 әдіскер, 50 меңгеруші – 651 (14,8%) педагог біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

Биыл мектепке дейінгі білім беруде 1 062 (43,4%) біліктілікті арттыру курстарынан өту жоспарланып отыр. Осы жылдың ақпан-наурыз айлары аралығында «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ өз қаражаты есебінен жеке мектепке дейінгі ұйымдардың педагог-тәрбиешілері үшін 170 сағат көлемінде курс өткізеді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мамандықтарының сәйкес келмеуіне байланысты 1 053 тәрбиеші қайта даярлау курстарынан өтті. Алайда мемлекеттік және 312 жеке БАҚ тәрбиешілерінен тағы 770 тәрбиеші қайта даярлау курстарынан өтуі керек, - деп сөзін түйіндеді Серік Әділбаев.

Барлық жаңалықтар