00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Оқушыларға арналған «Буктрейлер» республикалық байқауы басталды

01.04.2023 | 00:08
Елорда ақпарат
43

«Буктрейлер» республикалық байқауы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының бастамасымен өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Ұлттық институт ақпараттық технологиялар орталығының басшысы Арзу Саликованың айтуынша, байқау Халықаралық балалар кітабы күніне арналған.

Шығармашылық сайыс балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға  ықпал етеді. Байқауға жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының сүйікті кітаптары туралы бейнероликтер қабылданады, — дейді Арзу Саликова.

Еске сала кетейік, байқауға қатысу үшін сайыскерлер Instagram желісіндегі жеке парақшасында институттың @orken_instituty аккаунтын белгілеп, #читаемвместесөркен#өркеноткрытаякнига хэштегімен бейнеролик орналастыру қажет.

Барлық жаңалықтар