00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Балабақша тәрбиешісінің орташа жалақысы – 120 мың теңге

31.03.2023 | 23:14
Сабина Кәкімжан
82

Қазіргі кезде балабақшада тәжірибесі жоқ тәрбиеші-мамандардың орташа айлығы 94-120 мың теңге. Бұл туралы бүгін ОКҚ-де өткен брифингте Оқу-ағарту министрлігі Балаларды ерте дамыту институтының директоры Манара Адамова айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Балабақшада ең төменгі екінші санаты бар әрі 5 жылдық тәжірибесі бар педагогтардың орташа айлығы – 164-172 мың теңге, ал тәжірибесі жоқ тәрбиеші-мамандардың орташа айлығы 94-120 мың теңге аралығында. Бұл – өте аз. Сол себепті бүгінгі күні тағы да кезең-кезеңімен мектепке дейінгі ұйым педагогтердің айлығын көтеруді біз қарастырып жатырмыз, - деді директор.

Қазіргі кезде елімізде мектепке дейінгі 11 104 ұйым бар. Оның ішіне балабақшалар мен шағын орталықтар кіреді.

Онда 1 млн-нан астам бала тәрбиеленіп жатыр. Балабақшалардың 70 пайызында қазақ тілінде тәрбие береді.  Қалған 30 пайызы аралас балабақша болып саналады. Онда шамамен 217 мыңнан аса бала тәрбиеленіп жатыр, - деді Манара Адамова.

Барлық жаңалықтар