00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

2029 жылға дейін елордада 50 мыңға жуық мұғалім біліктілігін арттырады

31.03.2023 | 23:13
Сабина Кәкімжан
43

2029 жылға дейін Астанада 50 мыңға жуық мұғалімнің біліктілігін арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Мұғалімдерді қолдау мақсатында «Елордалық электронды мектеп» электронды платформасы әзірленді. Көрсеткіштері төмен мектептерге қолдау көрсету үшін «Табыс кластерлері» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Педагогикалық және басқару жұмысының сапасын арттыру мақсатында 2022 жылы 3 077 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті. 2029 жылға дейін 48 278 мұғалімнің біліктілігін арттыру жоспарланып отыр, - деді басшы.

Қала әкімдігі кадрларға деген қажеттілікті жою мақсатында бірқатар шараларды жүзеге асырып жатыр.

2018 жылдан бастап педагогикалық мамандықтар бойынша студенттерді даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы жыл сайын жүзеге асырылуда, 2029 жылға дейін 7 350 орынға мемлекеттік тапсырыс белгіленеді (жыл сайын 1 050 грант); білім беру ұйымдарының басшысы кадрларын даярлау мақсатында директордың орынбасарларынан 80 адамнан кадрлық резерв құрылды. Бұл орынбасарларды MBI бағдарламасы бойынша «Жас депутат мектебі» шеңберінде оқытылмақ, - деді Қасымхан Сенғазыев.

Қазіргі таңда Техникалық және кәсіптік білім беру кадрларын даярлаумен 33 колледж (мемлекеттік – 9, жекеменшік - 24), 75 мамандық бойынша оқытады. Колледждерде 32 482 студент, оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 16 837 студент білім алуда. «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын іске асыру аясында мемлекеттік білім беру тапсырысы 4 800 орыннан 7 300 орынға дейін артқан.

2025 жылға дейін сұранысқа ие мамандықтар бойынша жастардың 100%-ы тегін кәсіптік біліммен қамтылады. Осы оқу жылында алғаш рет кадрларды мақсатты даярлау үшін мемлекеттік тапсырыс бөлініп, елордалық 57 кәсіпорын 528 орынға өтінім берді. Бұл көрсеткішті 2029 жылға дейін 1 200 орынға артады, - деді басқарма басшысы.

Барлық жаңалықтар