00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Биыл 7 мыңға жуық астаналық мұғалім біліктілікті арттыру курстарынан өтеді

31.03.2023 | 22:28
Елорда ақпарат
37

Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК басшысы Сындар Дәуешова мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Әдістемелік орталық – Астана қаласы Білім басқармасының құрылымдық бөлімшесі. Орталық оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз ету, инновациялық процестерді енгізу, білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілігін арттыру және кәсіби құзыреттілігін жетілдірумен айналысады.

Биыл мемлекеттік тапсырыс бойынша мектепке дейінгі білім беруде – 1 062, орта білім беруде – 5 247, қосымша білім беруде – 373, арнайы білім беруде – 20, техникалық және кәсіптік білім беруде - 224 жалпы саны 6 926 педагогті (32,2%) біліктілікті арттыру курстарынан өткізу жоспарлануда. Білім сапасын арттыру мақсатында оқу-тәрбие процесін жетілдіруге, басқару жүйесінің тиімділігін анықтауға бағытталған зерттеулер мен зерделеуде ұсыныстар әзірленіп, жүргізілуде, – деді орталық басшысы.

Педагогтердің кәсіби шеберлігін дамыту бағытында 171 – шеберлік сынып, 616 – қалалық семинарлар, 338 – оқыту семинарлары, 37 – кәсіби конкурстар, 53 – конференциялар мен форумдар, 4 187 –педагогке педагогикалық кеңес, 220 – әдістемелік күн, 52 – әдістемелік десант ұйымдастырылса, 830 педагогтің сабақтарына қатысып, 192 – инновациялық жобалар мен эксперименттік алаңдар жұмысы ашылды.

Барлық жаңалықтар