00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Соңғы қоңырау мерекесі 1 маусымға ауыстырылды

31.03.2023 | 22:07
Елорда ақпарат
54

1 маусымда еліміздің оқушылары Халықаралық балаларды қорғау күнімен қатар соңғы қоңырау мерекесін атап өтеді. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстанда оқу жылының ұзақтығы 36 апта. Дәстүр бойынша оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, биылдан бастап 31 мамырда аяқталады.

31 мамыр – оқу жылының соңғы күні. Бұл күні еліміздің мектептерінде оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған сыныптан тыс сағаттар өткізіледі. 1 маусымда еліміздің оқушылары Халықаралық балаларды қорғау күнімен қатар соңғы қоңырау мерекесін атап өтеді», - деді Гүлмира Кәрімова.

Барлық жаңалықтар