00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Президент шыршасына қатысқан 4 мыңнан астам оқушы 100 мың теңгелік сертификаттар алды

31.03.2023 | 21:23
Елорда ақпарат
36

Еліміздің барлық өңірі бойынша Президент шыршасына 4 мыңнан астам бала қатысты. Мерекелік кеш 25 желтоқсанда өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Әрбір қатысушы Президент шыршасынан бағалы сыйлық немесе 100 мың теңгелік сертификат алды.

Мерекелік іс-шара еліміздің барлық қаласы мен облыс орталығында өтті. Биыл шыршаға 9-13 жас аралығындағы 200 бала шақырылды. Еліміз бойынша кешке қатысқандардың жалпы саны 4 мыңнан асты. Олар - оқу үздіктері, түрлі конкурстар мен олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылықта немесе қоғамдық өмірде жетістіктерге жеткен дарынды балалар, - деді Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Аман Сейтов.

Барлық жаңалықтар