00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Оқушылар қысқы каникулда неше күн демалады

31.03.2023 | 20:52
Айман Нығмет
49

«Ашық НҚА» порталында Оқу-ағарту министрлігі білім беру ұйымдарында оқу жылының басталу және аяқталу мерзімі, қорытынды аттестаттау шарасының уақытын айқындау туралы бұйрық жобасын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

1-11 (12) сыныптарда оқу жылы ішінде тоқсан және демалыс ұзақтығы келесідей бекітілмек:

1 тоқсан - 8 оқу аптасы, күзгі демалыс – 7 күн (31 қазаннан бастап 6 қарашаны қоса алғанда);

2 тоқсан – 8 апта, қысқы демалыс - 9 күн (31 желтоқсаннан бастап 8 қаңтарды қоса алғанда);

3 тоқсан - 10 апта, көктемгі демалыс - 9 күн (18-26 наурызды қоса алғанда);

4 тоқсан -10 апта.

1 сыныптарда қосымша демалыс-7 күн (6-12 ақпан аралығын қоса алғанда).

Сондай-ақ, пилоттық немесе халықаралық мектептер сияқты басқа да білім беру ұйымдарының сұранысы бойынша баламалы мерзім қолданылуы мүмкін. Бірақ оның да өз тәртібі қарастырылған.

Ондай жағдайдағы оқу тоқсандарының мерзімдері мынандай тәртіпте ұсынылып отыр:

1 тоқсан - 9 оқу аптасы, күзгі демалыс-10 күн (23 қазаннан бастап 1 қарашаны қоса алғанда);

2 тоқсан – 9 апта, қысқы демалыс - 15 күн (31 желтоқсаннан бастап 14 қаңтарды қоса алғанда);

3 тоқсан – 9 апта, көктемгі демалыс - 9 күн (20-29 наурызды қоса алғанда);

4 тоқсан - 9 апта;

1 сыныпта қосымша демалыс - 7 күн.

Егер бұйрық жобасы бекітілсе, барлық білім ошақтарында оқу жылының мерзімі 1 қыркүйек - 31 мамыр аралығында болады.

Барлық жаңалықтар