00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Балабақша тәрбиешілерінің жалақысы өседі – министр

31.03.2023 | 19:43
Елорда ақпарат
35

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша шешімдер қарастырылды. Бұл туралы Үкімет отырысында еліміздегі білім беруді дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын талқылау кезінде Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Балабақшалардың сапасына тоқталсақ, 2-ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету үшін жаңа балабақшалар ашылады, мемлекеттік тапсырысты жекеменшік балабақшаларға орналастыру жұмыстары жалғасады. Мемлекет басшысынаң тапсырмасына сәйкес, тәрбиешілердің жүктемесі азайып, жалақысы өседі, - деді А. Аймағамбетов.

Осы орайда ол тәрбиешілердің біліктілігін арттыру және аттестаттау жұмыстары ұйымдастырылатынын айтты.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тағы да қосымша кешенді іс-шаралар қарастырылды, - деді министр.

Барлық жаңалықтар