00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиададан 4 медаль жеңіп алды

25.02.2023 | 13:40
Елорда ақпарат
33

Бұл беделді олимпиадаға біздің 4 оқушы қатысты. 90-ға жуық елден келген 350-ден астам қатысушының басын қосқан жарыста 4 оқушымыз да жүлделі орындарға ие болды. Оралдық Жамбыл Мақсотов пен семейлік Мұхаммадариф Сахмолдин күміс, ал алматылық Ван Ли мен Таймас Қорғанбаев қола жүлдені иеленді. Оқушыларымызды жаңа жоғары нәтижелерімен және лайықты марапаттарымен құттықтаймын. Ата-аналарына қолдау көрсеткендері үшін, педагогтерге еңбектері мен кәсіби шеберліктері үшін алғыс айтамын, - деді министр.

Министрдің айтуынша, қазақстандық оқушылардың 2022 жылы ең беделді халықаралық олимпиадаларда жеңіп алған медальдарының саны рекордтық көрсеткішке жетті.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында 27 медаль бар, оның ішінде 3 алтын, 15 күміс және 9 қола.

Биыл алғаш рет Президенттің қолдауының арқасында халықаралық жарыстардың жеңімпаздары 4,5 млн теңгеге дейін қомақты ақшалай сыйақы мен ҰБТ тапсырмай-ақ ЖОО-да оқуға грантқа ие болады.

Барлық жаңалықтар