00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Қазақстандық оқушылар химиядан халықаралық олимпиадада 4 медаль жеңіп алды

25.02.2023 | 11:31
Елорда ақпарат
37

Бұл жарыс Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатыр. Бұған Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Павлодар және Ақтау қалаларынан 4 оқушы қатысқан. Олар әлемнің 83 елінен келген 322 оқушымен бақ сынасып, олимпиаданың жеңімпазы атанды.

Оқушыларымызды жоғары нәтижелермен және лайықты жеңістерімен құттықтаймын! Балаларымыздың математика, физика, химия пәндерінен халықаралық олимпиадалардағы жетістіктері жаратылыстану пәндеріндегі жақсы жетістіктердің көрсеткіші.  Команданың табандылығы, білімі, еңбегі және жеңіске деген жігері барлық оқушыға үлгі болары сөзсіз. Биыл осындай олимпиадалардың жеңімпаздары алғаш рет қолдау шараларына ие болады. Олар қомақты ақшалай сыйақы алуға және отандық ЖОО-ларға ҰБТ тапсырмай-ақ түсуге мүмкіндік алып отыр. Оқушыларды жарысқа дайындаған ұстаздар да төлемақы алады, - деп жазды министр.

Барлық жаңалықтар