00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Мектептерде педагог-ассистенттердің саны 2 есеге артты

25.02.2023 | 10:01
Елорда ақпарат
38

Осыған дейін Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен ел мектептерінде педагог-ассистент лауазымы енгізілген болатын. Ең алдымен, мұндай мамандар ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға көбірек көңіл бөлуді талап ететін инклюзивті оқытуда сұранысқа ие. Педагогтер олардың мектепке және оқу үрдісіне бейімделуіне көмектеседі.

 

Оқу-ағарту министрлігі ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың білім алуына қажетті жағдай жасау үшін жұмыс жүргізіп жатыр. Осыған дейін министр Асхат Аймағамбетов осындай штат енгізуді тапсырған болатын. Енді бір жарым мыңға жуық педагог-ассистент ерекше балалар оқитын мектептерде жұмыс істеп жатыр. Бұл мұғалімнің өзін алмастыра алмайды. Десе де педагог-ассистенттер ерекше рөл атқарады, олар балаларға бағыт беріп, оқу үрдісіне бейімделуге көмектеседі. Біз ерекше қажеттілігі бар балалар туралы айтып отырғандықтан, мысалы, егер бала өздігінен қозғала алмаса, онда педагог-ассистенттер техникалық көмек көрсетеді. Не болмаса балаға дефектологтың көмегі қажет болса, педагогикалық қолдау көрсетеді, - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.

Барлық жаңалықтар