00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Әлихан Смайылов оқу бағдарламаларына «Кәсіптер атласын» енгізуді тапсырды

25.02.2023 | 03:43
Елорда ақпарат
22

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында «Қазақстан Республикасындағы жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласы» әзірленіп, ол 2020 жылы бекітілді. Құжат 2025 жылға дейінгі халықтың табысын арттыру бағдарламасына енгізілген және еңбек нарығы мен кәсіби стандарттарды болжауға негіз болып табылады.

Атлас мұнай және газ, энергетика, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технологиялар, туризм, көлік және логистика, машина жасау, тау-кен металлургиясы және құрылыс салаларынан тұратын 9 басым бағыт бойынша жүзеге асырылады.

Қазақстанда жойылып бара жатқан 129 мамандық тіркелген, 95 мамандық трансформация процесінде, 239 жаңа мамандық пайда болды (оның 37-сі мұнай және газ саласында, 32-сі энергетикада, 11-і машина жасауда, 40-ы АT саласында және т. б.).

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов кадрларды даярлауды қамтамасыз ету жүйесіне мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілер қауымдастықтарының өкілдері қатысып жатқанын атап өтті. 

«Кәсіптер атласының» әзірленуіне және нарықтың техникалық мамандарға қажеттілігінің арттыруына қарамастан, Қазақстанда кадрларға қажеттілікті болжау әлі де жеткілікті дамымағаны, қазіргі білім беру бағдарламалары еңбек нарығы талаптарының өзгеруін және қажеттілік бойынша болжамдарды толық көлемде көрсете алмайтыны атап өтілді.

«Кәсіптер атласын» ауқымды түрде енгізу үшін оқу орындарының білім беру бағдарламаларына түзету енгізіп, білім беру мекемелерінде жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысын орналастыруды түзету ұсынылды. 

Отырысқа қатысушылардың баяндамаларын тыңдағаннан кейін Әлихан Смайылов хаттамаға бірқатар нақты тапсырма енгізуді, сондай-ақ Үкімет отырысында білім беру жүйесін қазіргі жағдайға бейімдеп қайта қалыптастыру мәселелерін қарауды тапсырды.

Барлық жаңалықтар