00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Өткен тәулікте құтқарушылар 800-ден астам адамды құтқарды

14.12.2023 | 09:15
75
фото: ТЖМ

Үш тәулік ішінде ТЖМ күштері мыңнан астам адамды, оның ішінде 86 баланы құтқарды. 583 өрт сөндіріліп, 263 авариялық-құтқару және іздестіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлады Elorda.info Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. 

Тек өткен тәуліктің ішінде ТЖМ құтқарушылары жергілікті атқарушы органдармен, полициямен, әскери қызметшілермен және жол қызметтерімен бірлесіп 887 адамды құтқарды.

Солтүстік Қазақстан облысында «Челябинск-Новосибирск» республикалық маңызы бар автожолында дизель отынының қатып қалуы салдарынан Тәжікстаннан Ресейге бара жатқан жолаушылар автобусы тоқтап қалды. 31 жолаушы жылыту пунктіне орналастырылды.

Жамбыл облысында «Алматы-Ташкент» автожолының учаскесінің жабылуына байланысты автокөліктер кептелісі орын алды. Тоқтап тұрған көлік құралдарынан 392 адам құтқарылды. Оның 221-і теміржол көлігімен жөнелтілді. Қалған жолаушылар екі жылыту пунктіне орналастырылды.

36.jpg

Сонымен қатар, Қордай ауданында қарға батып қалған автокөліктерден 165 адам құтқарылып, жылыту пункттеріне жеткізілді.

Түркістан облысында ТЖД күштері қар борасынынан 287 адамды құтқарды, олар үйлеріне, теміржол вокзалына жеткізілді немесе жылыту пункттеріне орналастырылды.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Павлодар облыстарында іздестіру-құтқару жұмыстары сәтті аяқталды. Құтқарушылар, полиция қызметкерлері мен жергілікті тұрғындардың құтқару топтары қолайсыз ауа-райында мал бағуға және мал іздеуге шыққан алты адамды тапты.

Барлық жаңалықтар