00:00
Астана -10oC
USD:
474.83
EUR:
515.38
RUB:
5.5
Іздеу

600 салымшының ақшасын заңсыз иемденген күдікті Грузиядан экстрадицияланды

17.05.2024 | 09:59
163
600 салымшының ақшасын заңсыз иемденген күдікті Грузиядан экстрадицияланды
фото: zakon.kz

Бас прокуратура және Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері СІМ көмегімен қаржы пирамидасын құрғаны және басқарғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын Грузиядан экстрадициялады, деп хабарлады Elorda.info.

Бас прокуратураның мәлімдеуінше, қылмыстық топ 2020 жылы Маңғыстау облысында «Plus Capital» қаржы пирамидасын құрып, 600-ден астам салымшының 3 млрд. теңгеден астам қаражатын, жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін заңсыз иемденген.

Қылмыстық топ мүшелері әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды,  ал күдікті қылмыс жасағаннан кейін жасырынып үлгерген. Соған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды.

«2023 жылғы қарашада Грузия аумағында ұсталды. Қазіргі уақытта күдікті Ақтау қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған», - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар