00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Өткен тәулікте 300-ден астам адам қар құрсауынан құтқарылды

27.12.2023 | 11:30
56
Фото: дереккөзден

Өткен тәулікте ТЖМ құтқарушылары жол қызметтерінің, ішкі істер органдарының, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен бірлесіп қар құрсауынан 106 адамды, оның ішінде 6 баланы құтқарды. Бұл туралы Elorda.info ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. 

Сонымен қатар 223 адамды, оның ішінде 4 баланы эвациялады. Жалпы авариялық-құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстарына 82 шығу жасалды.

Мәселен, Қостанай облысындағы республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар автожолдың жабық учаскелерінде қар құрсауында қалған жеңіл автомобильдерден 37 адам жақын маңдағы елді мекендерге жеткізілді. 

Ақмола облысында облыстық және жергілікті маңызы бар автожолдың жабық учаскелерінде қар құрсауында қалған жеңіл автокөліктерден жақын елді мекендерге 13 адам жеткізілді. 

Солтүстік Қазақстан облысының республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарында қар құрсауында қалған жеңіл автомобильдерден 27 адам, оның ішінде 3 бала жақын елді мекендерге жеткізілді. 

Сонымен қатар, Ақтөбе облысында 2 шопан іздестірілді, олар аман-есен табылды.

Еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды: Астана, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстары.

Қыста төтенше жағдайларды болдырмау үшін, ең алдымен, ауа-райының өзгеруін, метеорологиялық ақпаратты, ауа-райының нашарлауы туралы арнайы хабарламаларды, жолдардың жабылуын, дауылды ескертулерді үнемі қадағалап отыру қажет. 

Алайда, ескертуге қарамастан, азаматтар ауа-райы жағдайлары мен құтқарушылардың ұсыныстарын елемеуді жалғастыруда. 

ТЖМ дауылды ескерту кезеңінде алыс сапарға шықпауға кеңес береді.  Сонымен қатар, ауа райы нашарлаған кезде ауылдық жерлерде тұратын тұрғындарға алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартуды ұсынамыз.

Барлық жаңалықтар