00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Пәтердегі өрт кезінде не істеу керек?

04.08.2023 | 06:30
67
фото: ТЖМ

Өрт азаматтардың қарапайым ережелерді сақтамауынан болады. Отты абайсыз және ұқыпсыз қолдану, үтік пен  теледидардың қараусыз күйде электр желісіне қосулы қалуы пәтер ішінде өрттің пайда болуына жол береді.  Астана қаласы Төтенше жағдайлар Департаменті «Сарыарқа» ауданы бойынша Төтенше жағдайлар Басқармасының бас маманы Айдана Мадиева Elorda.info тілшісіне өрт шыққан жағдайда қандай іс-әрекет жасау керектігін айтып берді.

- Егер сіз енді басталған өртті көрсеңіз, оны өрт сөндіргішпен немесе өзге құралдармен сөндіруге тырысыңыз. Мысалы, үй жағдайында көрпе, қалың киім мен басқа да су толтыруға болатын ыдыстарды қолдануға болады. Бірақ ешқашан жанып тұрған сымдар мен электр желісіне қосылған құрылғыларды сумен сөндірмеңіз. Бұл өте қауіпті.

- Өрт сөндіру қызметіне, яғни 101-ге қоңырау шалыңыз немесе есік-терезе арқылы өзгелерден көмек сұрау керек. 

- Егер қызыл жалын аумағы кең болса, үйден тезірек шығуға ұмтылыңыз. Көпқабатты үйде өрт бірініші қабаттан басталса, онда кіреберістен шығу өте қауіпті. Сондықтан да терезе немесе балконға шығып құтқарушыларды күткен абзал. Мүмкіндігінше қауіпсіз эвакуация жолын табу керек. Өрт кезінде лифттерді пайдалануға болмайды. 

- Пәтер ішіндегі өрттің тарап кетпес үшін есік-терезені жабу қажет. Себебі таза ауа өртті одан сайын өршіте түседі.

- Ең бастысы – үрей тудырмау қажет. Барынша сабыр сақтап, өрт қатты лаулап жатса, жуыну бөлмесіне барып немесе мұрын мен ауызымызды дымқыл орамалмен жабу қажет.

 

 

Барлық жаңалықтар