00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Мұз астына түсіп кеткен жасөспірім құтқарылды

02.01.2024 | 09:00
54
фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құтқарушыларға хабарлама түскен осң Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Ғапу Жанарыс, Арсен Муратов, Құрманғазы Мерей және Әкімшілік полиция бөлімі инспекторы Арманбек Габитов дереу оқиға орнына жеткен.  Олар мұздың ойығынан басы ғана көрініп тұрған адамды құтқаруға кіріскен.

Жанарыс Ғапу беліне арқан жіп байлап мұз үстімен жасөспірімге қарай беттеді. Әріптесі Мерей Құрманғазы оған көмектесу үшін жіп бойымен бірге жүрді. Өзге полицейлер жағада Жанарыс Ғапуды суға батып бара жатқан қыз баламен бірге тартып шығаруға дайын тұрды.

Аяқ асты адам өміріне араша түскен полицейлердің қырағылығы мен ептілігі нәтижесінде жасөспірім жағаға шығарылып жедел-жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. 

Барлық жаңалықтар