00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Елімізде алдағы күндері жел күшейіп, бұршақ жауады

21.06.2023 | 23:00
57
фото: Оңалхан Өнерхан

Қазгидромет алдағы күндері үш күндік ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.

Алдағы күндері республика аумағының басым бөлігінде ауа райына циклон мен оған байланысты атмосфералық фронттар ықпал етеді.

Осыған байланысты жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды.

22-24 маусымда оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында, 24 маусымда еліміздің орталығы мен шығысында қатты жаңбыр жауады.

Қазақстан бойынша бұршақ жауады, дауыл тұрып, жел күшейеді.

Температуралық фонда күрт өзгерістер болмайды.

Барлық жаңалықтар