00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Бүгін елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

14.10.2023 | 03:30
54
Фото: Elorda Aqparat

«Қазгидромет» синоптиктері 14 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады, кей жерлерде жауын-шашын болса, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында нөсер жауын (жаңбыр, қар) жауады. Тек еліміздің оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз болады.

Республика бойынша екпінді жел тұрып, түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман түседі.

Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында кей уақытта жел күшейіп, күші секундына 30 метрге жетеді, кейде одан жоғары болады.

Түркістан, Жамбыл облыстарының таулы аудандарында, Қызылорда облысының солтүстігінде 3 градусқа дейін үсік жүреді.

Барлық жаңалықтар