00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астаналық прокурорлар жүргізушілердің құқығын қорғады

06.09.2023 | 16:00
53
Фото: gov.kz

Астана қаласы, Сарыарқа ауданының прокуратурасы елорданың автобус парктері тарапынан еңбек заңнамасының талаптарын өрескел бұзу фактілерін анықтады, деп хабарлады Elorda.info 

Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Тексеріс анықтағандай қаладағы автобус жүргізушілерінің жұмыс уақыты аптасына 40 сағат болуы керек болса, автобус парктерінің жүргізушілерінде жұмыс аптасының ұзақтығы орта есеппен 91 сағатты құраған. Бұл белігіленген нормадан 2 еседен асып кеткен. Нәтижесінде  жүргізушілердің де, жолаушылардың да өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген, - деп жазды Астана прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Осыған байланысты, Сарыарқа ауданының прокуратурасы қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіре отырып, автобус парктері басшыларының қатысуымен кеңес өткізді.

Енгізілген прокурорлық қадағалау актісі негізінде кінәлі лауазымды тұлғалар әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды,-делінген дереккөз таратқан мәліметте. 

Барлық жаңалықтар