00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Алдағы күндерде қар жаууы мүмкін

05.09.2023 | 02:30
59
Фото: ашық дереккөз

Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде күн салқын, жаңбырлы болады, найзағай ойнап, екпінді жел тұрады, деп хабарлады Elorda.info «Казгидрометке» сілтеме жасап.

Еліміздің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда ауа райы жауын-шашынды, 5 қыркүйекте қатты жаңбыр және жылбысқы қар жауады деп болжанып отыр.

Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең тұман түседі.

Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында сынап бағанасы түнде 2-10 градус жылы көрсетсе, күндіз 10-20 градусқа дейін жоғарылайды.

5 қыркүйекте ірі қалаларда ауа райы қандай болады?

Астанада күн бұлтты, аздаған жаңбыр жауады. Түнде +11, күндіз +14 градус.

Алматыда күн ашық. Түнде +12 градус, күндіз +23 градус.

Шымкентте де күн ашық. Түнде +12 градус, күндіз +26 градус жылы.

Барлық жаңалықтар