00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады

31.03.2023 | 23:35
Елорда ақпарат
47

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 28 ақпан - 1 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.

Метеорологтар болжамы бойынша, алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде ауа райына Атлантикалық циклон ықпал етеді. Қар, көктайғақ, тұман, екпінді жел, республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде боранмен қатты жауын-шашын болады. Тек оңтүстік-шығыста, 28 ақпан - 1 наурыз аралығында елдің шығысында жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы бірте-бірте көтеріледі деп күтіледі. Күндіз еліміздің солтүстік жартысында термометрлер 3-5 градусқа дейін, ал оңтүстік жартысында ауа температурасы 15-20 градусқа дейін жылынады, тек батыста және солтүстік-батыста ауа температурасы күндіз 0-10 градусқа дейін біртіндеп төмендейді деп күтіледі, - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар