00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

31.03.2023 | 23:32
Елорда ақпарат
26

Қазақстанда ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлады Elorda.info

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыс 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады. Петропавлда жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде оңтүстік батыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік батыстан 15-20 м/с, күндіз 23 м/с жылдамдықпен жел соғады. Көкшетауда оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с құрайды.

Түркістан облысының солтүстігінде және таулы аудандарында солтүстік шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман болады деп күтіледі.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Барлық жаңалықтар