00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде күн суытады

31.03.2023 | 23:16
Елорда ақпарат
38

Синоптиктер еліміз бойынша 23-25 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәліметке сүйенсек, Қазақстан аумағына батыстан суық антициклон жылжиды, ол 25 ақпанда жауын-шашынсыз ауа райы мен температураның төмендеуіне әкеледі.

24 ақпанда күндіз республиканың оңтүстігінде найзағай болжанды.

Республика бойынша тұман, екпінді жел, республиканың солтүстік жартысында жаяу бұрқасын болжанады.

Еліміздің батысында ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтіледі түнде 0-15 градус аяздан 5-23 градус аязға дейін, солтүстік-батыста 7-15 градус аяздан 17-28 градус аязға дейін, солтүстікте және орталықта 1 градус жылы - 13 градус аяздан 13-25 градус аязға дейін, шығыста 0-13 градус аяздан 6 градус аязға дейін, оңтүстікте, елдің оңтүстік-шығысында түнде 0-8 градус жылыдан төмендейді, оңтүстіктегі таулы аудандарда 2-10 градус аяздан 0-5 градус аязға дейін, оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда 5-13 градус аяз, күндіз 7-21 градус жылыдан 6 градус аязға дейін күрт төмендеу күтіледі, - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар