00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Көктайғақ, тұман: 7-9 ақпанға арналған ауа райы болжамы

31.03.2023 | 22:42
Елорда ақпарат
45

Синоптиктер 7-9 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжам бойынша, еліміздің кей өңірлерінде күн суытып, жауын-шашын, көктайғақ, тұман, бұрқасын болады, деп хабарлады Elorda.info.

Қазгидромет болжамынша, еліміздің басым бөлігіне Жерорта теңізі аудандарынан циклон әсер етеді, сонымен жаяу бұрқасын болып, қар жауады.

9 ақпанда шығыста қатты қар жауады, оңтүстікте және оңтүстік-батыста қар аралас жаңбыр жауады. Елдің батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында көктайғақ болады деп болжанып отыр, - делінген Қазгидромет хабарламасында.

Ауа температурасы:

  • түнде батыста және шығыста 13-21 градусқа дейін;
  • солтүстікте 20-28-ге дейін;
  • орталықта 15-26 градус аязға дейін;
  • күндіз батыста 7-12-ге дейін;
  • күндіз солтүстікте 15-20-ға дейін;
  • күндіз шығыста және орталықта 10-18 градус аязға дейін төмендейді деп болжануда.
Барлық жаңалықтар