00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Цефтриаксон» антибиотигін алғаннан кейін 18 адамның қайтыс болғаны рас па

31.03.2023 | 21:59
Елорда ақпарат
40

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Цефтриаксон» препаратынан болған 18 өлім туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады Elorda.info.

Stopfake.kz сайтының жазуынша, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматыда «Цефтриаксон» антибиотигін алғаннан кейін 18 адам қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған. Препаратты дәріханалардан жаппай ала бастаған екен. Бұл олай емес.

Бұл ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі теріске шығарды.

«Цефтриаксонның» жағымсыз әсері салдарынан көз жұмған пациент туралы карт-хабарламалар (сары карталар) тіркелген жоқ. ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне және Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментіне мұндай шағымдар түскен жоқ, – деп хабарлады ведомстводан.

«Цефтриаксон» – бұл сепсис, менингит, инфекциялардың түрлері, пневмония және басқа көптеген аурулар кезінде тағайындалатынн антибиотик.

Бұл препарат Қазақстанда лицензияланған және дәріханаларда сатылады.

Барлық жаңалықтар