00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

13 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

31.03.2023 | 21:53
Елорда ақпарат
23

Синоптиктер Қазақстандағы 13 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады. Себебі арктикалық антициклон әсер етеді.

Республиканың шығысында, солтүстігінде, орталығында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен қар жауады, аздаған қарлы боранмен жел күшейеді. Республиканың оңтүстік-шығысына тұман түседі, - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Түнде солтүстікте, Алматы, Түркістан, Жамбыл, Жетісу облыстарының таулы аймақтарында 30-35 градусқа дейін өте қатты аяз сақталады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде қар жауады, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан екпіні 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 20-22°C, күндіз 15-17°C аяз.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел екпіні - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 23-25°С, күндіз 13-15°С аяз.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 24-26°С, күндіз 10-12°С аяз.

Барлық жаңалықтар