00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Алдағы күндері ауа райы қандай болады

31.03.2023 | 21:50
Елорда ақпарат
18

"Қазгидромет" РМК 12-14 қаңтар күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Суық арктикалық антициклон өз траекториясын республиканың шығыс, оңтүстік өңірлеріне бағыттайды, сол себептен жауын-шашынсыз аязды ауа райы күтіледі, тек республиканың солтүстік жартысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен қар, жаяу бұрқасын күтіледі.

Республиканың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Ауа температурасы еліміздің батысында түнде -15-30°C-тан  -7-20 °C-қа дейін, солтүстік-батыста -20-28°C-тан -13-22 °C-қа дейін, республиканың солтүстігінде -20-35 °C-тан 13-26 °C-қа дейін, орталықта -30-41 °C-тан -17-25 °C-қа дейін, еліміздің шығысында -32-43 °C-тан -20-30 °C-қа дейін төмендейді. Оңтүстікте температураның негізгі фоны -22-31°C , оңтүстік-шығысында -20-33 °C-тан -23-36 °C-қа дейін төмендейді, - делінген синоптиктер болжамында.

Барлық жаңалықтар