00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Елімізде алдағы күндері 25 градусқа дейін аяз болады

31.03.2023 | 21:37
Елорда ақпарат
18

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 5-7 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміз бойынша ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Алдағы күндері Қазақстанның ауа райын кезекті Атлантикалық циклон айқындайтын болады, ол негізінен республиканың барлық аумағында жауын-шашын, қар түрінде болады. Республика бойынша көктайғақ, бұрқасын болады, еліміздің шығысында қалың қар жауады, - делінген хабарламада.

Солтүстік өңірлерде ауа температурасы түнде 5-15°С аяздан 15-25°С аязға дейін, күндіз 10-20°С аяздан 2-10°С аязға дейін ауытқиды, батыста температураның негізгі фоны түнде 0-10°С аяз, күндіз 5 жылы 5 аяздан 0-11°С аязға дейін төмендейді. Орталық және шығыста ауа температурасы түнде 0-8°С аяздан 5-13°С аязға дейін төмендейді, күндіз 0-8°С аяз, оңтүстікте ауа температурасының негізгі фоны күндіз 3-13°С жылы, оңтүстік-шығыста 0-8°С жылы болады.

Барлық жаңалықтар