00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 127 жол учаскесі жабылды

31.03.2023 | 21:36
Елорда ақпарат
30

Ауа райының нашарлауына байланысты (боран, нашар көріну, көктайғақ) тас жолдардың 127 учаскесі жабылды, оның 49 республикалық және 78 облыстық маңызы бар, деп хабарлады Elorda.info Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жолдарда ТЖ жою бойынша республикалық штаб құрылды, осындай штабтар өңірлерде де жұмыс істейді.

Блок-бекеттерде 600 бірлік автокөлік жиналды. 

Ағымдағы тәулікте құтқару бөлімшелерімен 691 адам құтқарылды және эвакуацияланды, оның ішінде 137 бала (Жамбыл, Түркістан, Қостанай, Қарағанды және Абай), 145 бірлік техника қар құрсауынан шығарылды.

Тұрғындарды эвакуациялау үшін тас жолдардың жабық учаскелерінде 838 уақытша жылыту пункттері дайындалды, сондай-ақ 87 бірлік техника (Вахтовка және Кунг) дайын тұр.

Уақытша жылыту пункттерінде 420 адам, оның 69 бала (Жамбыл облысы, Абай облысы, Ақмола, Қостанай, Павлодар).

Халықты ескерту мақсатында ауа-райының нашарлауы туралы 232 СМС-хабарлама жіберілді, сондай-ақ «Дармен» мобильдік қосымшасы арқылы 71 хабарлама жіберілді.

Авариялық-құтқару жұмыстарына барлығы 1000-нан аса адам және 600-ге жуық ТЖМ, ЖАО және ІІМ техникасы жұмылдырылды.

Жол қызметкерлері жолды тазарту жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Барлық жаңалықтар