00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

31.03.2023 | 21:35
Айман Нығмет
43

Қазгидромет 2 қаңтарда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Жамбыл облысының батысында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіліп, көктайғақ болады. 

Астана қаласында бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз 2 қаңтарда 15-20 м/с, 3 қаңтарда 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. 

Кызылорда облысының шығысында, орталығында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, кей уақытта 30 м/с және одан да асуы мүмкін. 

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында желдің күші 15-20 м/с жетеді. 

Шымкент қаласында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, күші екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Атырау облысының батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында және орталығында 15-20 м/с. 

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. 

Ұлытау облысының басым бөлігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с жетеді. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. 

Ақтөбе облысының шығысында тұман түседі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, көктайғақ, бұрқасың күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде екпіні 25 м/с. 

Қостанай облысының оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында тұман түседі. 

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі.

Барлық жаңалықтар