00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Ұлттық ұланның елордалық құрамасына – 15 жыл

31.03.2023 | 21:33
Елорда ақпарат
37

Ұлттық ұланның елордалық құрамасы өзінің 15 жылдығын атап өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Салтанатты іс-шараға Бас қолбасшылықтың, өзара іс-қимыл жасайтын органдардың өкілдері, Астана гарнизонына қарасты әскери бөлімдердің командирлері, ардагерлер мен әскери қызметшілердің отбасы мүшелері қатысты.

Жедел құраманың жеке құрамы құрылған сәттен бастап көптеген маңызды бұқаралық іс-шарада тәртіпті қамтамасыз етіп келеді. Олардың қатарында V Астана экономикалық форумы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі, Азия ойындары, ЕХРО-2017 және тағы да басқа маңызды іс-шаралар бар.

Елордалық бригада жауынгерлерінің күнделікті қызметі — құрметке лайық. Бұл бөлініс Ұлттық ұланның Астана қаласының қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор үлес қосады, бас қала тұрғындары мен қонақтарына сенімді тірек болып келеді, - деді Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Қайрат Үмбетов.

Қайрат Жарылқасынұлы мерейтой иелерін құттықтап, құрама командирі полковник Аян Есжановқа Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-майор Еркін Ботақановтың атынан бағалы сыйлықты табыс етті. Сондай-ақ 5573 әскери бөлімінің жеке құрамын Мемлекеттік күзет қызметінің, ҰҚК Шекара қызметінің, елордалық Полиция департаментінің өкілдері, Ұлттық ұлан Ардагерлер кеңесінің төрағасы отставкадағы генерал-майор Қалиақпар Тоқышев және басқалар құттықтап, марапаттар мен сый-сияпаттар табыстады.

Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының, бөлім командирінің және басқа да күш құрылымдары басшыларының бұйрықтарымен барлығы 200-ден астам әскери қызметші медальдармен, кеуде белгілерімен және грамоталармен марапатталды. Марапаттаудан кейін әскердің ән-би ансамблінің солистері мен би топтары өнер көрсетті.

Барлық жаңалықтар