00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Жаңажылдық фильмдер топтамасы

31.03.2023 | 21:33
Сабина Кәкімжан
41

Жаңа жыл өзгерістер мен жаңа белестерге жетелейді. Мейрам қарсаңында көтеріңкі көңіл-күйді сезіну үшін әуелі отбасылық мол дастарқан мен жаңажылдық фильмдердің көмегі зор. Elorda.info назарларыңызға қызыққа толы әрі көрерменді жалықтырмайтын жаңажылдық фильмдер топтамасын ұсынуды жөн көрді. Ендеше, назар аударыңыздар.

 «Үйде жалғыз қалғанда»/«Один дома»

Жаңажылдық фильм десе, есімізге бірден голливудтық «Үйде жалғыз қалғанда» («Один дома») комедия жанрындағы фильмі түседі. Американдық отбасы «Рождество» мерекесін қарсы алу үшін Еeропаға аттанады. Ал кей түсініспеушілік салдарынан Маккалистер отбасының Кевин есімді кенже ұлы үйде жалғыз қалып қояды. Содан ол үйін торуылдаған әккі ұрылардың ұсталуына өз септігін тигізіп, төнген қауіптің алдын алады.

 «Гринч — Рождестволық ұрлықшы»/«Гринч — похититель Рождество»

«Гринч  — похититель Рождество» — әлемдік деңгейде ең көп сұранысқа түскен үздік фильмдердің бірі. Бұл фильмдегі қатыгез жасыл Гринчті көрермендер жақсы таниды. Өйткені ол бүлдіршіндердің мерекесін ұрлап жүреді. Бұл фильмде, әсіресе, жақсылық пен жамандықтың белгілері ұтымды түрде үйлесім тапқан. Фэнтези және комедиялық жанрдағы фильмде жасыл Гринчтің рөлін Джим Керри сомдайды.


Фред Клаус, Сантаның ағасы/Фред Клаус, брат Санты

Аяз Атаның да ағасы бар екен. Оның есімі — Фред Клаус. Алайда ол Рождествоға сенімін жолғалтқан. Желтоқсан айының бір күнінде Фред бұғы жегілген шанамен Солтүстік полюске ұшып келген уақытта жаңажылдық сыйлықтарды тарататын Санта Никтің проблемаға тап болғанын естиді. Мерекелік көңіл-күй сыйлайтын фильм сізге де ұнауы мүмкін.

Төрт Рождество/Четыре Рождество

«Төрт Рождество» фильміндегі басты кейіпкерлер Кейт пен Брэд 3 жылдан бері кездеседі. Тіпті би сабақтарына бірге, мерекелерде бірге демалады. Бірақ екеуі де некеге тұру секілді жағдайларға түбегейлі қарсы. Оған себеп те бар. Екеуі де толық емес отбасында өскен.

Рождество қарсаңында оларды жаңалықтардан туысқандары көріп қалады. Енді олар мейрамды төрт туысымен бірге қарсы алып үлгерулері тиіс.

Рождестволық хикая/Рождественская история

Чарльз Диккенстің «Рождестволық хикая» фильмі көпшілік арасында кеңінен танымал. Мұнда бүкіл өмірін байлық жинауға арнаған сараң бай – қарт Скрудждың өмірі жайында баяндалады. Айналасындағылар жаңажылдық мейрамды тойласа, ол жыл сайынғы дәстүр бойынша мейрамды елемейді. Бірақ фильм соңында белгілі бір жағдайға байланысты жаңажылдық мерекеге қатысты көзқарасын өзгертеді. Фильм көрерменді баурап алатын қызыққа толы.

Крампус 

Бұл фильмнің сюжеті Рождество мерекесімен тұспа-тұс келеді. Мұнда Том мен Сараның отбасы осы мерекені қарсы алу үшін бас қосады. Алайда олардың қарым-қатынасы жақсы емес. Сондықтан мерекені бірге атап өтуді аса ұнатпайды. Бұл жолғы мейрам отбасы мүшелері үшін нағыз сынаққа айналуы әбден мүмкін. Кешкілік кенеттен жарық пен жылу өшіп, түрлі күтпеген жағдайлар бола бастайды. Отбасы мүшелерінің бір-бірімен ұрысуының кесірінен үйге мейірімді Санта Клаустың орнына зұлым Крампус келеді. Бұл зұлымнан фильм кейіпкерлері құтылу үшін әрекет етуі керек.

Барлық жаңалықтар