00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елімізде 3х4 суретке түсу қымбаттады

31.03.2023 | 21:16
Елорда ақпарат
45

Қазақстанда 3х4 суретке түсу қымбаттады, деп хабарлады Elorda.info.

Inbusiness.kz жазуынша, қазіргі уақытта фотостудияда жүргізуші куәлігі немесе жеке куәлік үшін суретке түсу қажет емес. Дегенмен, құжаттар үшін 3х4 фотосурет қажеттілігі әлі де сақталып отыр.

Қараша айында фотографтардың бұл қызметке орташа бағасы 561 теңге болған. Бұл өткен жылдың қараша айымен салыстырғанда 15 пайызға артық.

Облыстар бойынша салыстырып қарайтын болсақ, ең жоғары баға Жезқазған қаласында – 800 теңге. Бұл қызмет Атырау (707 теңге), Қызылорда (667 теңге) және Астана (641 теңге) тұрғындары үшін де қымбат. Ақтөбе қаласында 3х4 фотосуреттің ең төменгі бағасы – 378 теңге.

 

 

Барлық жаңалықтар