00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Мәсімовке қатысты іс Астанадағы мамандандырылған ауданаралық сотта қаралатын болды

31.03.2023 | 19:54
Елорда ақпарат
53

Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің ісі сотқа жеткенін мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы К. Мәсімов тарапынан мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алу, биліктің және және лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану жөніндегі қылмыстық істерді тергеу аяқталды. Бас прокуратура айыптау актісін бекітіп, қылмыстық істі қарау үшін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолдады», - деді Елдос Қилымжанов.

Сондай-ақ ол аталмыш органның өңірлік деңгейдегі басшыларына қатысты істер туралы мәлімет берді.

Алматы қаласы, Қызылорда және Алматы облыстарының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттерінің экс-басшылары, Алматы облысы полиция департаменті мен  Алматы қаласы әуежайының желілік полиция бөлімініңбұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен танысу рәсімі жүргізілуде, - деді Бас прокуратура өкілі.

Барлық жаңалықтар