00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Орындарыңа басқа адамдар келсін»: Қошанов Үкіметке шүйлікті

31.03.2023 | 17:29
Елорда ақпарат
54

Мәжілістің жалпы отырысында палата төрағасы Ерлан Қошанов Үкімет мүшелерінің отырыстағы жауаптарына қанағаттанбайтынын айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Мәжіліс төрағасы ведомство өкілдері тек қағазда көрсетілген анықтамаларды оқумен ғана шектелетініне шүйлікті.

Мен кейбір министрлік өкілдеріне ескертпе жасайын деп едім. Пленарлық отырысқа дайындалып келу керек. Қол астыларыңыздағы адамдардың жазып берген анықтамасын бұл жерде оқу қажет емес. Бұл сұрақтардың барлығы жұмыс тобының отырысында және комитеттің отырысында талқыланды. Ал бұл жерге келгенде сіздер оны бес саусақтай біліп тұруларыңыз керек. Мен Үкіметтің өкіліне де осы ескерту айтамын, Премьер-министрге жеткізіңіз. Егер де осы жерде министрліктің дайын емес өкілдері болса, орындарына басқа адамдар келсін, - деп ескерту жасады Мәжіліс төрағасы.

Барлық жаңалықтар