00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Неміс ғалымы қызылша вирусының жоқтығын дәлелдеді ме

31.03.2023 | 17:17
Айман Нығмет
49

Танымал қазақстандық Telegram-чаттардың қатысушылары қызылша вирусы жоқ, мұны неміс ғалымы Штефан Ланка дәлелдегені туралы ақпарат тарап жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Stopfake.kz мәліметінше, бұл ақпарат жалған. Себебі, Штефан Ланканың псевдоғылымның көрнекті қайраткері және вирус мүлдем жоқ деген теорияны ұстанады. Бұл үшін оған ғылым саласындағы екі антинаграда табысталды: GWUP-тің «Алтын тақтасы» және Swiss-Radio-ның «Алтын Фолльпфостен» марапаты. Олар оған «2020 жылғы ғылымға қарсы бос сөз» үшін берілді.
Штефан Ланканың қызылша вирусының жоқ екенін растайтын «дәлелдеріне» тоқталсақ. Ланка қызылша вирусының бар екенін дәлелдеп, оның суретін көрсетіп, диаметрін өлшеген кез келген адамға жүз мың еуро беретінін жария етті. Үндеуге ғалым Дэвид Барденс жауап қайтарды. Ол қызылша вирусының бар екендігін сөзсіз дәлелдейтін алты мақаланы  ұсынды.
Қызылша вирусының бар екені сөзсіз. Ол 1954 жылы оқшауланған, ал 1975 жылы оны вирус таксономиясы жөніндегі Халықаралық комитет Morbillivirus тобының бір түрі ретінде тіркеген.
Микроскоппен түсірілген патогеннің суреттерін АҚШ Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының Қоғамдық денсаулық сақтау суреттер кітапханасының сайтынан көруге болады.

Неміс ғалымы қызылша вирусының жоқтығын дәлелдеді деген ақпарат жалған.

 

 

Барлық жаңалықтар