00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Еліміздегі мектеп асханаларына өзгерістер енгізілді

31.03.2023 | 17:17
Елорда ақпарат
35

Мектеп асханаларындағы өнімдердің қымбаттығына байланысты өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

Министр буфет өнімдерінің бағасы көрші дүкенге қарағанда екі есе қымбат болатын жағдайлар да кездесетінін айтты. Соған орай мамандардың қатысуымен жұмыс тобын құрып, қажетті түзетулерді әзірленген.

Енді қызметтерді жеткізушілермен азық-түлікпен қамтамасыз ету туралы жаңа шарттар жасалғаннан кейін мектеп асханаларындағы бағалар, оның ішінде буфет өнімдері, сусындар және т.б. қызмет көрсетушілердің қалауы бойынша емес, орташа нарықтық бағаларды ескере отырып қалыптастырылады, - деп жазды А.Аймағамбетов.

Сондай-ақ мемлекеттік сатып алу порталындағы деректер базасы мен статистика органдарының ақпараты негізге алынады. Бұл асханаларда бағаның көтерілуіне жол бермейді.

Асхат Аймағамбетов  енді жеткізушілер тендерді ұйымдастырушының конкурс құжаттамасында көрсеткен ас мәзірі мен бағаларға сәйкес қатаң жұмыс істейтінін айтты.  Бұл тыйым салынған өнімдерді өндіру және өткізу тәуекелдерін жою, сонымен бірге буфет өнімдерінің бағасын белгілеу үшін қажет.

Ата-аналарды тамақтану туралы хабардар ету немесе оның сапасын бағалай алуы үшін білім ресурсына кезең-кезеңімен норма енгізіледі. Ол - пайдаланушыларға қызмет көрсету және қолма-қол ақшасыз төлемдер сапасын бағалауға мүмкіндік беретін тағамдардың, ас мәзірінің, бағалардың фотосуреттерін жариялау нормасы, - деп жазды министр.

Сонымен қатар министр балабақшаларда, балалар үйлерінде балаларды үздіксіз тамақпен қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдардың инфляция деңгейін ескере отырып, азық-түлік бағасының өзгеруі бөлігінде сатып алу туралы шарттарға өзгерістер енгізу мүмкіндігі көзделгенін мәлімдеді.

Барлық жаңалықтар