00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Үсік күтіледі: Синоптиктер демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады

31.03.2023 | 16:57
Елорда ақпарат
47

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері елімізде күн суытып, басым бөлігінде жауын жауады.

Скандинавия түбегінің ауданынан жылжыған антициклон Қазақстан аумағына ауыса отырып, күздің суық ауа райын қамтамасыз етеді. 11-12 қыркүйекте республиканың басым бөлігінде жауын-шашынның ықтималдығы байқалады.

Елдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, желдің күшеюі және бұршақ жаууы мүмкін.

10-12 қыркүйекте батыста, 10 қыркүйекте шығыста, 11-12 қыркүйекте солтүстік-батыста, 12 қыркүйекте солтүстік және орталықта түнде топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі.

Барлық жаңалықтар