00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Адамдар көбіне қай уақытта қайтыс болады

25.02.2023 | 14:12
Елорда ақпарат
46

Оның айтуынша, адамдар көбіне таңғы 4-5 кезінде қайтыс болады.

Кардиолог, медицина ғылымдарының докторы, профессор Юрий Серебрянскийдің айтуынша, дәл осы уақытта жүректің жұмысы бәсеңдейді деген биоритм бар.

Ал жүрегі және гипертониялық аурумен ауыратын адамдарда бұлар әсіресе таңғы уақытта күшейеді. Терең ұйқыдан ояну кезінде вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімі белсенділік танытады. Бұл уақытта үзіліс болады. Осы кезде кенеттен қайтыс болу жағдайлары жиі кездеседі, - деді ол.

Профессордың айтуынша, қорылдау жүрек жұмысынан хабар береді.

Егер адам таңертеңгілік уақытта қорылдай бастаса, бұан аса қатты назар аудармауы мүмкін. Қорылдау – қауіпті симптом. Алайда  қорылдау жүректің соғу жылдамдығының баяулауынан болуы мүмкін, - деді Юрий Серебрянский.

Кардиолог аурухана дәрігерлері әсіресе таңғы уақытта мұқият болу керектігін атап өтті.

Кезекшілік ауысым болуы қажет. Кезекші дәрігерлер науқастарды жіті бақылып отырғаны жөн, - деді маман.

Барлық жаңалықтар