00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Ұлттық ұланда екі әскери қызметші өз-өзіне қол жұмсады

25.02.2023 | 12:32
Елорда ақпарат
41

29 шілде күні сағат 21.00 шамасында автопарк бойынша тәуліктік кезекшілікте тұрған қатардағы жауынгер Н.А. Оразбай кезекшіден дәретханаға сұранып кетеді. Біршама уақыттан кейін оны шақырып келуге шыққан кезекші сарбаз автопарк аумағында орналасқан қойма ішінде Н.А.Оразбайдың асылып тұрғанын көреді. Автопарктің кезекші қызметі Н.А.Оразбайға жедел медициналық көмек көрсетіп, санитарлық көлікпен Степногорск Орталық қалалық ауруханасына жеткізген. Орталық қалалық ауруханасының дәрігерлері сарбаздың қайтыс болғанын растайды, деп мәлімдеді ведомство.

Ведомство таратқан мәлімет бойынша марқұм  Оразбай Н.А. 1995 жылы туған, Ұлттық ұлан қатарына 2021 жылдың күзінде Жетісу облысының Панфилов ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен шақырылған. 

Сондай-ақ ведомство 3502 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі аға сержант А.С.Мерғалиевтің өз-өзіне қол жұмсау фактілері бойынша ресми ақпаратты таратты.

30 шілде күні сағат 05.15-те әскери бөлімге аға сержант А. С. Мерғалиевтің өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат түскен. Мән-жайды нақтылау кезінде жұбайының түнгі сағат 03.30 шамасында күйеуін үйінің дәретханасынан (тұрғылықты мекенжайы: Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылы, Балдырған көшесі 7) асылып тұрған күйінде тауып алғаны белгілі болды, деп хабарлады «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.
Ведомство ақпаратына сәйкес арнайы комендатураның қарауыл бастығы аға сержант Мерғалиев Абылай Серікұлы 1990 жылы туған.

Үйленген, бір қызы бар. Ұлттық ұлан қатарында 2015 жылдан бастап қызмет еткен.

Қазіргі уақытта оқиғалардың мән-жайы анықталып, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге тыйым салынған.

 

Барлық жаңалықтар