00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Прокурорлар 3 млн гектар заңсыз берілген жайылымдарды анықтады

25.02.2023 | 11:38
Елорда ақпарат
29

Олардың 5 млн гектары мемлекетке қайтарылып, 4 млн гектары айналымға тартылған.

Бүгінде елімізде шамамен 15 млн га қоғамдық жайылымдар жетіспейтіні анықталды. Бұл жеке қосалқы шаруашылықтардың мал жаюымен проблемалар туғызады. Жағдайды жақсарту үшін ағымдағы жылы Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп Мемлекетке қосымша 5 млн га қайтару жоспарлануда, - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ Бас прокуратураның мәліметінше, жергілікті жерлердегі шаралар бойынша әкімдіктер қоғамдық жайылымдарды басқару жоспарларын бекіткен.

Бұл ауылдық елді мекендер маңындағы жайылымдық жерлерді жеке адамдарға беруге жол бермеуге мүмкіндік береді. Жайылымдарды беру кезіндегі бұзушылықтар және тиісті бақылаудың жоқтығы үшін прокуратура органдарының қадағалау актілері бойынша 520 лауазымды адам, оның ішінде 42 адам мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекеттері үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылды,- деп жазылған хабарламада.

 

Барлық жаңалықтар