00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Еліміздің 5 өңірінде есірткі алқаптары анықталды

25.02.2023 | 11:07
Айман Нығмет
17

Жабайы өсетін қарасораның өсу алаңдары және құрамында есірткі заттары көп каннабисті өсіру олардың заңсыз айналымын тек ел ішінде ғана емес, одан тыс жерлерде де ынталандырады.

Құрамында есірткі бар өсімдіктердің ареалдарын анықтаудың тиімді әдістерінің бірі - жерді қашықтықтан зондтау, оны қолдану тәжірибесін «Қазақстан Ғарыш Сапары «ҰК» АҚ мамандары зерделеп, кезең-кезеңімен енгізуде. 2022 жылы ғарыштық мониторинг нәтижесінде 686,000 шаршы шақырым аумақ қамтылып, онда каннабис өсіруден зардап шеккен учаскелер анықталды. Учаскелер Түркістан, Қарағанды, Ақтөбе, Жамбыл және Қызылорда облыстарында орналасқан, - деді Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов.

Айта кету керек, 2019 жылы  ғарыштық мониторингтің көмегімен Қызылорда және Жамбыл облыстарында 123, 2020 жылы – 94, ал 2021 жылы тек Қызылорда облысының аумағында – 77 есірткі егілген алқаптар анықталды.

 

Барлық жаңалықтар