00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада велосипед ұрлыған күдікті ұсталды

25.02.2023 | 08:34
Елорда ақпарат
20

Күн жылынғаннан бастап көптеген қала тұрғындары екі дөңгелекті көліктерін айдай бастайды. Мұны ұрылар пайдаланып қоғамдық орындардан ұрлық жасайды. Негізі көп жағдайда ұрлық түнгі уақытта және үйлердің кіреберістерінен орын алады,-деді қалалық полиция департаменті мәлімдемесінде.

Қала тұрғын Желтоқсан көшесіндегі үйдің ауласынан белгісіз адам құны 40 мың теңге тұратын велосипед ұрлағы туралы жергілікті полицияға хабарлаған. Екі дөңгелекті көлік иесі байқаусызда велосипедін арнайы бекітпей, кіреберістің жанында қалдырған. Қаскүнем велосипедті байқап, оны бір сәтте ұрлап кеткен. Бұл оған жеткіліксіз болып көрініп, келесі күні таңертең Дүкенұлы көшесінің бойында құны 70 мың теңге болатын тағы бір велосипедті ұрлап кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті ұсталып, оның елорда аумағында бұрын жасалған басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Аталған фактіге байланысты «сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Барлық жаңалықтар