00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Жамбыл облысы тұрғынынан 200 келіге жуық есірткі тәркіленді

25.02.2023 | 08:01
Елорда ақпарат
35

Жамбыл облыстық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шу ауданы Ақтөбе ауылынан 12 шақырым жердегі Баусасық құмды аймағында 43 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Тексеру барысында жалпы салмағы 194 келі каннабис өсімдігі, 4 келіден астам кептірілген марихуана және 4 грамнан астам каннабис шайыры есірткі заты табылып, тәркіленді.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта ол Шу қаласының Уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Бүгінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

 

Барлық жаңалықтар