00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Арыстанбек Мұхамедиұлы ұсталды – Антикор

25.02.2023 | 07:34
Елорда ақпарат
41

Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің лауазымды адамдарына және басқа да тұлғаларға бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша 146 миллион теңге сомасында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізеді, - делінген хабарламада.

28 мамырда соттың санкциясымен Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды.

Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланғанын хабарлады.

Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

 

Барлық жаңалықтар