00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Ол бізге болмайды екен»: Бағлан Әбдірайымов Мәскеуде не сатқанын айтты (ВИДЕО)

25.02.2023 | 06:51
Елорда ақпарат
53

Бағлан Әбдірайымов өзінің кәсіпке қарай бет бұруына айналасындағы достары мен пандемия себепкер болған.

Айналамдағы достарымның бәрі кәсіпкер. Мен де соларға қарап, шабыт алып, көрейінші дедім. Пандемияның әсері болуы да мүмкін. Өйткені сол кезде өзім мініп жүрген көлігімді сатып, 7-8 жылқы, бие сауып, қымыз саттым, – деді әртіс.

Өнер иесі тіпті бизнесті әншілікпен қатар алып жүруге тырысқан. Алайда, оның сөзінше, бұл салада үздік болу үшін оған барынша көңіл бөліп, тәртіпке бағыну керек.

2016-2017 жылдары «Жігіттер» квартетінде жүріп, Мәскеуге барып қауын да сатып келдім. Одан 7-8 жыл бұрын Сырымбек Таумен Қытайға барып, тағы бір кәсіп түрін зерттеп келдім. Бірақ ол бізге болмайды екен. Кәсіптің ішкі тәртіптері бар. Сол тәртіппен жүрмесең, ақшаң қанша көп болса да немесе атағың жер жарып тұрса да, сауатты болмасаң, оңбай түсесің, – деді Әбдірайымов бағдарламаға берген сұхбатында. 

Барлық жаңалықтар