00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

25.02.2023 | 06:49
Елорда ақпарат
23

Жауын-шашынсыз ауа райы еліміздің тек шығысында сақталады, ал қалған бөлігінде Солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер өз әсерін сақтайды – жаңбыр, оңтүстік пен солтүстікте қатты жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ, дауыл болып, жел күшейеді, батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл соғып, солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі, - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Атап айтқанда, Ақмола облысының батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде бұршақ жауып, күндіз батысы мен оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Алматы облысының таулы аударында, Атырау облысының батысы, шығысы мен орталығында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігі мен орталығында, Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с күшейіп, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында шаңды дауыл соғады.

Түркістан облысының оңтүстігі, батысы, солтүстігі, таулы және тау бөктерлі аудандарында дауыл соғып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстік-батысында бұршақ жауып, дауыл соғады, түнде солтүстігі, солтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді.

Қостанай облысының түнде оңтүстігінде, күндіз батысы мен оңтүстік-шығысында бұршақ, дауыл болып, түнде және таңертең шығысында тұман түседі, күндіз батысы мен оңтүстігінде жел күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында дауыл, бұршақ болып, батысы, оңтүстігі мен шығысында жел 15-20 м/с жетеді.

Таңертең және күндіз Павлодар облысының батысы, солтүстігі мен орталығында бұршақ жауып, жел 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Қарағанды облысының солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында бұршақ жауып, батысы мен орталығында жел күші 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысының оңтүстігі, солтүстігі мен таулы аудандарында бұршақ жауып, дауыл соғып, оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында жел күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Барлық жаңалықтар