00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Щучинск базарында алапат өрт болып, бір адам қаза тапты

25.02.2023 | 06:49
Елорда ақпарат
36

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жалпы ауданы 3000 шаршы метр ғимараттың 1700 шаршы метрі өртеніп кетті. Ақпарат бойынша, 45 минут ішінде өртсөндірушілер өртті оқшаулап, жалынның таралуына жол бермеген. Осылайша екі сағат ішінде өртті толығымен сөндірген.

Өрт сөндіру барысында ер адамның денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша ол базардың күзетшісі болуы мүмкін. Қазіргі таңда анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өрт орнында өрт-техникалық зертханасы, полицейлер жұмыс істеп жатыр, – делінген хабарламада.

Өрттің шығу себебі анықталады. Өртті сөндіруге ТЖД 97 қызметкері мен 25 техника, жергілікті атқарушы органдардың үш қызметкері мен үш техникасы жұмылдырылды.

Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады. Өрт болған жағдайда дереу 101 нөміріне қоңырау шалу керек.

Барлық жаңалықтар